Салауатты өмір салтын ұстана алатын және денсаулығын сақтау және нығайту үшін дене шынықтырудың барлық қол жетімді құралдарын қолдана алатын адамды тәрбиелеу – қоғам дамуының қазіргі кезеңіндегі маңызды міндет. Бұл үдерісте студенттерді сауықтыруға бағытталған кафедраның спорттық-бұқаралық жұмысы ерекше орын алады.
Университет студенттері университетте, ауданда, қалада, республикада өткізілетін спорттық-бұқаралық іс-шараларға қатысады.
Оқу жылы ішінде университетте түрлі спорттық іс-шаралар өткізіледі: университеттің білім алушылары мен профессор-оқытушылар құрамы арасында Спартакиада. «Кафедра күні», «Наурыз» мерекесі, онда 1-4 курс студенттері келесі спорт түрлерінен қатысады: волейбол, баскетбол, мини-футбол, Шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ, гір көтеру, дартс, үстел теннисі, қазақша күрес, эстафеталар.
Бокс, күрес, баскетбол, волейбол, үстел теннисі, дойбы, шахмат, тоғызқұмалақ секциялары ашылды.
Кафедра оқытушылары студенттермен тақырыптар бойынша әңгімелер өткізеді. «Салауатты өмір салты», «дұрыс тамақтану», «адам гигиенасы», «дененің физикалық жағдайын бақылау негіздері туралы», «еңбекті ұйымдастырудағы дене шынықтыру туралы» және т. б.